Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 25 қазан Республика күніне орай колледж арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Студенттер өз арманындағы Қазақстан туралы, болашақты елестетіп, өз арман қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Байқау соңында үздік жұмыстар бағаланып алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Ісшараның мақсаты — жастарды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халқының тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Эссені үздік орындаған студенттер Абдиев Жандос (Арнаулы кәсіптік колледж) , Жетпісбай Арайлым (Кентау гуманитарлық-техникалық колледж), Асилбекова Қарлығаш (Кентау колледж) үздік алғыс хаттымен және эссе байқауына қатысқаны үшін қалған студенттерде алғыс хаттармен марапатталды.
