Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРАСАТТЫ РЕФОРМАЛАРЫ КІТАПХАНАЛАРДА НАСИХАТТАЛУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің парасатты реформалары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Әділетті Қазақстан, жаңа Қазақстан қалыптастыруға деген сенім күннен-күнге нығайып келеді.
Қазіргі таңда қоғамдық 20 ұйым мен 3 саяси партиядан құрылған Халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Президенттікке ұсынып, республика жұртшылығы жан-жақты қолдауда.
Биылғы жылдың басында Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан “Мархабат мақамдары” атты шағын ғана кітапшамыз жарыққа шыққан. Көктемде Әл-Фараби кітапханасында Шымкент қаласының кітапханаларына, оқу орындарына таратылды. «Мархабат мақамдары» кітапшасы дәл қазіргі, аса жауапты аса маңызды, бүкіл еліміз, халқымыз, мемлекетіміз үшін тағдыршешті, саяси сайлау науқанының ізгі де игі мақсат-міндеттерімен терең үндесіп, жан-жақты үйлесіп тұр.
Бұл кітапқа жазушы, «Түркі әлеміне қызметі үшін» және «Алаш» Халықаралық сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұттың көсемсөздік мақалаларынан, «Түркілер төрі Түркістан» тарихи-көркем эсселер кітаптарынан, сондай-ақ сұхбаттарынан, кейбір повестері мен көркем әңгімелерінен қысқа да нұсқа қайырымдары, кім-кімді де терең ойларға түсіретін өткір де өзекті пікірлері жинақталған. Жазушының «Абайды оқы, орында!» бастамасы да ашыла түскен. Ең бастысы – халық Президентікке таңдап отырған тұлғаның Әділеттілік хақындағы қағидаты арпа-арқау болған десек, артық айтқандыққа жатпайды.
Кітапты ең алдымен кітапханашылар жақсы қабылдады. Тегіс, түгел ұғынды. Қазіргі сәтте оқырман қауымға насихатталып, саяси мәні теңдессіз жоғары Президенттік сайлау қарсаңында талқылаулар, пікірлесулер, тағы басқадай шаралар ұйымдастырылуда.
Әділетті, жаңа Қазақстанды бірлікпен, ынтымақпен құрып, нығайта берейік, әріптестер!
Елімізде, шаһарымызда, әрбір ұжым мен ұйымда әділеттілік болғанда ғана мақсат-мұраттарымызға жетеміз.
А.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ВЬЕТНАМ ЕЛІНІҢ ІРІ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Admin

Түркістанда «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Admin