Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ORDABASY: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНТҚАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

25-қазан Республика күніне орай Ордабасы ауданының орталық алаңында “Менің Республикам-менің Қазақстаным!» атты мерекелік шара өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, оқушылардың сурет көрмесімен танысты. Сондай-ақ біраз жылдық үзілістен соң ортамызға қайта оралған ұлттық мереке “Республика күнімен” аудан тұрғындарын, оқушы жастарын құттықтап, сөз сөйледі.
Мерекелік шарада аудан басшысы мен ауданның зиялы қауым өкілдері үздік оқыған 5 -сынып оқушыларына “Жас ұлан” қатарына қабылдануларына орай арнайы галстуктерін тақты.
“Республика күніне” орай өткізілген шарада Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай» күйлері орындалды. “Менің Республикам- менің Қазақстаным!» атты Әскери жетекшілер бастаған, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Амангелді, С.Нұрмағамбетов атындағы және «Темірлан», «Бәйтерек» жалпы орта мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының мерекелік шерушілері өз өнерлерімен, құттықтауларымен маңыздылығын көрсетті.
Шара соңы мерекелік сазды концертке ұласты.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Admin

Кентауда «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті

Admin