Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам
Алматы театрында белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалі басталды, деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Фестиваль шымылдығын алғаш рет Түркістан музыкалық драма театрында сахналанған «Бөрте» спектаклі ашты.
Бөрте – әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған бірінші әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарманың қазақ сахнасында қойылуы да «тұңғыш» екенін атап айту керек. Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты «Қалқа өзені бойындағы шайқасқа” дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.
«Бөрте» спектаклінің режиссері италиялық – Давиде Ливермор, көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, композитор – Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, ғылыми кеңесші –тарихшы, т.ғ.к., Нұрлан Атығаев. Рөлдерде – Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова, Алихан Идрышева, Нартай Сауданбекұлы, Ақбота Рахат, Әшім Ахметов, Толқын Нұрбекова және Түркістан музыкалық драма театрының әртістері.
Қойылым декорацияның шынайлығымен, сахналық киімдердің тартымдылығымен, реквизиттерді шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді.

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ АБАЙ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Admin

«TURKISTAN» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 1200-ГЕ ЖУЫҚ БИЗНЕС ЖОБАНЫ СҮЙЕМЕЛДЕГЕН

Admin