Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Республика күніне орай Созақ ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Мейірімге толы жүрек» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Қайырымдылық шара аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы өткізілді.
Жиынға қатысушыларға кітапхана қызметкерлері өзара Республика күнінің маңыздылығын, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы екендігін жеткізді.
— Биыл ауданымызда алғаш рет «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Мұнда аға буын қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті қызметтер көрсетіледі. Бұл орталықта кітапханалық стационардан тыс қызмет көрсету жұмысынан бастап, түрлі әдеби кітаптармен қамтылған. Орталыққа келушілер кітап оқып, білімін арттырады, — деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.
Шара соңында ауданның мәдени- рухани дамуына үлес қосқан бірқатар жастар мен оларға қамқорлық көрсетіп жүрген жандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙҒАН

Admin

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ

Admin