Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САУРАНДЫҚ ЖАСТАР ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ

Республика күніне орай Түркістан қаласындағы «Облыстық жастар ресурстық орталығында» Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ӘН-САLIKЕ» ән кеші өтті, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Өнер кеші Түркістан қаласына тарту ретінде «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес қолға алынған.
Кештің басты мақсаты — дарынды жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту, мәдениетті орта қалыптастыру. Басқосуда әуезді әндер шырқалып, мың бұралған бишілер би билеп, өнерлерін ортаға салды. Әуенді кеш барысында жергілікті «Жастар» триосының шырқаған әні көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарының Түркістанға тарту еткен кеші өнерсүйер қауымның көңілінен шықты. Кеш соңында қонақтар естелікке суретке түсті.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА САЯБАҚТАРҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Admin

Жастарға жеңілдетілген несие берілмек

Admin