Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

Түлкібас ауданында соғыс және еңбек ардагері, ақын Тұрар Байсариевтің 100 жылдығына және Республика күні мерекесіне орай «Тау шайыры» облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аламан айтыстың ашылу салтанатында аудан басшысы от ауызды, орақ тілді оңтүстік өңірдің беделді айтыскер ақындарына сәттілік тіледі.
Шараның негізгі бөлігінде «Тұрар ақын-100 жаста» тақырыбындағы Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атанған ақынның өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ «Ақын жыры — өмір сыры» ғұмырнамалық деректерге негізделген сахналық көрініс көпшілік назарына ұсынылды.
Қазылар алқасының шешімен Кәрима Оралова 1-орынға, Бекарыс Шойбеков 2-орынға лайықты деп танылды. Ал, Анар Жаппарқұлова мен Бөрібай Оразымбетов 3-орынды өзара бөлісті. «Түлкібас ауданы әкімінің арнайы жүлдесін» — Мейіржан Жақып, «Тұрар Байсариев атындағы жүлдені» — Серік Жұмәділ иеленіп, айтыскер ақындарға қаржылай сый-сияпат табысталды.

Ұқсас жазбалар

КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Admin

Көмек аясы кеңеюде

Admin