Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

TÜRKSOY МЕН TURKISTAN MEDIA ХОЛДИНГІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара көмек байланысын орнату ниетін ескере отырып, өзінің корпоративтік қызметін үйлесімді дамыту мақсатында Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстанның Тurkistan media холдингімен арнайы келісім-шартқа отырды.
Осы орайда, бүгін Анкара қаласындағы TÜRKSOY кеңсесінде халықаралық ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Тurkistan media холдингінің Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. Енді Тürksoy ұйымы мен Тurkistan media холдингі ресми ақпараттық әріптестер.
Бұл ынтымақтастық екі тарап қолдайтын мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұқсас міндеттер мен іс-шараларға қатысты барлық мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар, Türksoy Тurkistan media холдингіне БАҚ саласында жүргізіліп жатқан бағдарламалардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат береді және осы саладағы жұмысын үйлестіру мақсатында Тurkistan media холдингінің ұсыныстарын қарайды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МАЛЬТЕПЕ МУНИЦИПАЛИТЕТІ АРАСЫНДА «ДОСТАСТЫҚ» МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

Admin

ТӨЛЕБИДЕ «БАЛАЛАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Admin