Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ИІРСУ АУЫЛЫНА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Түлкібас ауданында газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызды құрайды. 13 мыңнан астам халқы бар ауданда елдімекендердің дені көгілдір отынмен қамтылған.
Бір ғана шалғайда орналасқан Иірсу ауылы табиғи газбен қамтылмаған болатын. Қазірті таңда ауылда 19 шақырымға жуық газ құбыры тартылып жатыр. Ауылдың ең қиын таулы 15 шақырымға жуық учаскесіне құбыр тарту жұмыстары аяқталып, енді ішкі көшелеріне газ құбыры жүргізілуде.
Аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге нысандарды аралап, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында біршама тапсырмалар жүктеген.
Айта кетсек, аудан әкімі елді мекеннің даму перспективасын ескеріп, қосымша үйлер түсетін жерлерге құбыр бөлігін қалдыру мәселесін назардан тыс қалдырмаған.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 100-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Admin

ORDABASY: БАСТЫ МІНДЕТ — АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Admin

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ КОНКУРС ПАТРИОТИЧЕСКОЙ ПЕСНИ

Admin