Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 қазан — Қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Сарыағаш қаласында орналасқан «Кәусар холл» салтанат сарайында дастархан жайылып, аудан қарттарына құрмет көрсетілді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қарттарға, сонымен қатар мүгедек жандарға баса назар аударып, зейнетақы мен жәрдемақының сатылап көтерілуіне, оларға деген қамқорлықтың арта түсуіне жағдай тудырып отыр. Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз. Баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасыға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! — деді аудан әкімі М.Отаршиев мерекелік шарада.
Сонымен қатар, бірқатар аудан қарияларын әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін төсбелгілер және алғыс хаттармен марапаттады.
Одан бөлек, мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жазбалар

ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН

Admin

«Республика күні» ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ

Admin