Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ БАССЕЙН АШЫЛДЫ

Түлкібас ауданының орталығынан «Керуен» спорттық сауықтыру бассейні ашылды. Спорт кешенін өз қаражатына салдырған жергілікті кәсіпкер Мұрат Нығметов бұған дейін де жазғы бассейн ашып, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға ақысыз шомылуға жағдай жасаған болатын.
Спорт кешенінің ресми ашылу салтанатына келген аудандық мәслихаттың хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.
Айта кетерлігі, кешен бір уақытта 100-ге жуық адамды қабылдай алады. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің тиісті бөлімімен бірлесе отырып, арнайы бағдарламалар дайындалатын болады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР 370 ГЕКТАР ЖЕРДЕН КҮНБАҒЫС ӨНІМІН АЛЫП ЖАТЫР

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА 13 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Admin