Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекенінде 1993 жылы туған ауыл жастарының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Футбол алаңшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, отаншыл азаматтардың бастамасына ризашылығын білдірді.
Шарада округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, Ағыбет ауылының биі Сейдалы Әмірбеков аудандық мәслихаттың депутаты Әбдірахман Төрехан, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Жаңа алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойланады: дәстүр мен жаңаның үйлесімі

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Admin

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІН ҚОЛДАУ

Admin