Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК МҰҚТАЖДЫҚҚА 42 УЧАСКЕ ҚАЙТАРЫЛМАҚ

Шымкент қаласы Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІІ кезеңі бойынша 2021 жылға дейін игерілген сомма – 691,0 млн. теңге. 2021 жылға 4,0 млрд теңге қаралған. Қалған соммасы – 1,4 млрд.теңге. Нысанның жалпы құны – 6,1 млрд теңге, ұзындығы – 0,561 шақырым.
Қала әкімі М. Әйтенов аталған кезеңде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. ІІІ кезең бойынша мемлекеттік мұқтаждыққа 42 учаскені алу қажет. Оның ішінде, бүгінде өтемақыға келіскені – 12, өтемақы ұсынылып жатқаны – 23 (шамамен 1,0 млрд теңге).
Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 608 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері және 24 бағана орнату жұмыстары орындалды.
Қазіргі уақытта уақытша айналма темір жолының 2 бағыты негізгі магистралды темір жолға қосылды. Темір жол астынан өтетін жол өткелін салу үшін бірінші кезекте кедергі келтіретін 6 үйді шұғыл алу қажеттілігі туындап отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҰРҒЫНДАР ЗАҢГЕРЛЕРДЕН ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ

Admin

РӘМІЗДЕРІМ АЙБАРЛЫ АСЫЛ НЫШАНЫМ

Admin

ТҮРКІСТАН: АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Admin