Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ШАТТЫҚ ШУАҒЫНА КЕНЕЛДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шараның негізгі мақсаты — балаларды шаттық шуағына бөлеп, көтеріңкі күй сыйлау.
Балаларды арнайы құттықтап барған Департамент басшысы Асхат Жұмағали бүлдіршіндердің қуанышына куә болып, ыстық лебізін жеткізді.
«Еліміздің болашағы ретінде Сіздерден көп үміт күтеміз. Жақсы білім, тәрбие алып, әрқашан ізденісте болу керексіздер. Қандай қиыншылықтар болсын берілмей, тек алға ұмтылсаңыздар деймін» — деді А.Жұмағали.
Мерекелік шарада балалар үздік сахналық қойылымдарын қойып, ән салып, би биледі.
Департамент басшылығы балаларға арналған сыйлықтарды табыстап, ұстаздарға алғысын білдірді.
«Жаңа жыл мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, балаларымыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Балалар аңсаған армандарына жетіп, еліміздің мақтаныштары болуына тілектеспін» — деді А.Жұмағали.
Шара соңында Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері Департамент басшылығына алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

ultainasy

 

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында су көздерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Admin

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ!

Admin

ТҮРКІСТАН БРЕНДІН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТУДЕ

Admin