Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ»ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Шымкентте «Балалар өнер мектебінің» құрылысы аяқталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өнер мектебінің тұсауын кесіп, ғимаратты аралап көрді.

Қала әкімі алдымен көркемсурет, қолданбалы өнер шығармаларының көрмесін тамашалап, мектептің «Хореография» залы, «Домбыра» және «Қобыз» сыныбымен танысты.

Мұрат Дүйсенбекұлы мектепке дейінгі, мектептен тыс білім мекемелерінің басшыларымен кездесіп, өзекті мәселелерді тыңдады. Қалада балабақшалар саны 2018 жылмен салыстырғанда 28-ге артқан. Бүгінде жан басына қаржыландыру жүйесі аясында балабақшалардың әлеуетін арттыруда класстерлер құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қала әкімі білім ұйымдары арасында өткен отбасылық «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

 

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ЖАСТАН АСҚАН ҚАРИЯ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin

Астанада сән әлеміндегі ең маңызды оқиға – Russian Fashion Brands өтеді

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Admin