Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Димаштың алғашқы онлайн-концерті өтетін күн белгілі болды

Қазақтың маңдайалды ұлы Димаш Құдайбергенов америкалық Tixr.com стримингтік платформасында алғашқы онлайн концертін бермек, деп жазады ultainasy.

Әншінің «DIMASH DIGITAL SHOW» концертінің күні нақтыланып, билеттер сатыла бастады. Көптен күткен алғашқы онлайн-концерт 2021 жылдың 16 қаңтарына белгіленген.

Бұл туралы Димаштың өзі инстграмм парақшасында жазба қалдырып, тыңдармандарын қуантып отыр, «Құрметті достар және қымбатты Dears, @tixr_ сайтында концерттің шығу күні белгілі болды, сіздер менің профилімдегі сілтеме бойынша барлық ақпаратты көре аласыз».

Ал, онлайн-концерттің кестесі мен билетін алу туралы толық ақпараттар dimashnews.com сайтында көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың 5 желтоқсанда Мәскеудегі ВТБ аренада «Жыл әні» дәстүрлі концертіне қатысып, үш композиция орындағанын жазған болатынбыз.  Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталып, аты аңызға айналған бұл фестиваль коронавирус пандемиясына байланысты локдауннан бері Ресейде өткен алғашқы ауқымды концерт.

Концертке Димаштың шығармашылығы үшін тыңдарман-жанкүйерлері бірнеше қаладан келген.

ultainasy.

 

 

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «DIGITAL NAURYZ — IDEA BATTLE» СТАРТАП БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Admin

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Admin