Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

БАҒБАНДАРҒА БАҒАЛЫ КЕҢЕСТЕР

?Қиярдың жанына күнбағыс ексе, қияр өнімін бірнеше есе көп алуға болады .
?Алма мен шие көшеттерін бір-бірінен алысырақ отырғызыңыз. Олардың тамыр жүйелері бір-біріне кері әсер етеді.
?Жемісжегі көбелектен түймешетен, аюбадам және жусан шөптері жақсы қорғайды. Осы өсімдіктердің бірін алма ағашының түбіне отырғызсаңыз, ешқандай зиянкес жоламайды.
?Қиярдағы бітеден құтылуға кәдімгі күл көмектеседі. Ол үшін 1 стақан күлді 1 литр қайнаған суға салып, екі сағат тұндырып қойыңыз да, 5 литр сумен араластырып, өсімдікке сеуіп шығыңыз.
?Шалғам, салат жапырақтары, қияр, қырыққабат пен кәді көп суғаруды қажет етеді.
?Қырыққабат жейтін ақ көбелекті кетіру үшін қырыққабаттың ара-арасына қызанақ көшеттерін отырғызса жеткілікті.
?Бақбақ жапырақтарының тұнбасы да өсімдік биттерінен немесе бітеден құтылуға көмектеседі. Ол үшін 400 г бақбақ жапырақтарын бір шелек жылы суға салып, бір тәулік тұндырыңыз. Сосын азырақ үгітілген сабын қосып араластырыңыз да, бүріккішпен өсімдікке бүркіп шығыңыз.
?Егер қызанақ көшеттерінің жанына райхан гүлдерін ексе, қызанақтың дәмі жақсара түседі. .
?Қарағай мен шыршаның тікенектерін еттартқыштан өткізіп, қырыққабаттың түбіне тастаса, қырықбуын құрттар жоламайтын болады.
?Бақшада иттікен қайта-қайта шығып, мазаңызды алса, сабағын түбінен кесіңіз де, орнына тұз сеуіп қойыңыз.
?Картоп бой көтерген соң, гүлдегенге дейін суғармаңыз. Әйтпесе бойы өсіп, бар күші жапырағына кетіп қалады.
?Жаңа жиналған қалақай жапырақтарының тұнбасы өсімдіктер үшін өте пайдалы тыңайтқыш бола алады. Бұл үшін жарты шелектей қалақай жапырағын жинап, үстіне су құйыңыз да, бір апта тұндырыңыз. Сосын 1 литр тұнбаны 10 литр суға араластырып, өсімдіктерді суғарып шығыңыз. .
?Егер жерді күлмен тыңайтса, әсіресе гүлдер жақсы гүлдейді.
?Мойыл мен аюбадам бұталары шыбын мен тарақанды жолатпайды.

Ұқсас жазбалар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Admin

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Admin

ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Admin