Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалін ұйымдастырды. Қашықтықтан өткен фестивальге еліміздің барлық өңірлерінен 4 топтық ұжым, 101 қатысушы бақ сынаған болатын. Қамқөңіл балалар арасындағы сайыста Түркістан облысынан 6 оқушы қатысты. Оның 5-еуі жүлделі орын тұғырынан көрінді.
Республикалық фестиваль 6 номинация бойынша өткізілген болатын. Вокалдық орындау: ымдау тілінде ән айту, жеке ән айту, вокалдық ұжым; би билеу (арбамен би билеу); Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер; сәндік-қолданбалы шығармашылық; техникалық өнертабыстар; компьютерлік әзірлемелер, робототехника.
Облыс орталығында мерейі үстем болған жүлдегерлер білім саласының қызметкерлерімен жүздесті. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев марапат иелерімен кездесуде оқушыларды лайықты жеңісімен құттықтап, алғыс білдірді.
Дастан Орманов техникалық өнертабыстар номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, ІІ дәрежелі дипломға компьютерлік әзірлемелер номинациясының иегері Қамбарбек Кәдірбекұлы, би билеу номинациясы бойынша Ленгір көмекші мектеп-интернатының «Әсемай» ансамблі лайық деп танылған. Сондай-ақ, ІІІ дәрежелі дипломға Бердибек Мадияр – көркем шығармашылық номинациясы мен Қымбат Шакен – сәндік қолданбалы шығармашылық номинациясы бойынша ие болды.

Ұқсас жазбалар

АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ

Admin

Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды

Admin

ТҮРКІСТАН: СҰҢҚАР ТЕКТЕС ҚҰСТАРДЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАН АЗАМАТТАР 700 АЕК КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Admin