Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТ: АРБАТ — АЛЫП ТЕАТР САХНАСЫНА АЙНАЛДЫ

Үшінші мегаполисте мәдени астана жылының салтанатты жабылу іс-шаралары өтуде. Осыған орай Арбат демалыс орны алып театр сахнасына айналды.
Қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары осында. Театрлар мен әртістер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Арбаттың кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, мерекелік нөмірін ортаға салды.
Одан кейін «Қызыл трактор» өнер тобы ерекше көрініспен қуантты. Заманауи және ұлттық стильді ұштастырып, өзгеше костюммен ерекшеленген өнерпаздар алып ер-тұрман пішініндегі инсталляция айналысында би биледі. Тылсым көріністі адыраспан түтіні толықтыруда.
Арбатта, сонымен қоса, қазақ, орыс және өзбек театрлары бірлескен қойылым әзірлеп, ән-жырмен қоса сахналық көріністерін паш етті. Жонглерлар мен басқа өнерпаздар да Арбаттан табылды.
Бүгінгі мәдени іс-шараның тағы бір ерекшелігі — жанды «мүсіндер». Өнер иелері батыр, абыз ақсақал, музыкант және суретші кейпінде қозғалмастан тұрып, қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.
Нұрлан Бектаев, Шымкент.

Ұқсас жазбалар

Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ, САЙРАМ ЖӘНЕ ТҮЛКІБАС АУДАНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Admin

Ө.ШӨКЕЕВ ЕРІКТІЛЕРІМЕН ЕРКІН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Admin