Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ҰЛЫ СОҒЫС АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атантаев ақсақал 100 жасқа толды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.
100 жасқа толған ардагер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы қарияға сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.
Халел Атантаев 1920 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң әскер қатарына шақырылып, көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Ол Батыс фронтында ұрыс майданына қатысып, жер үшін, ел үшін күресте жауға тойтарыс берді.
1948 жылы елге оралған соң Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде қызмет атқарды. Бүгінде 3 ұл мен 1 қыз, 10 немереден 4 шөбере сүйіп отыр.
Майдандағы және елдегі еңбегі ескеріліп, көптеген медальдармен марапатталған.

Ұқсас жазбалар

В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star.

Admin

​Преступление снизилось на 7,9 %: Туркестанская полиция подвела итоги за полугодие

Admin

Түркістан облысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігі зерделенді

Admin