Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

БЕЙНЕКАМЕРАЛАР 7 АЙДА 26 МЫҢНАН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер – 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар -19 972, басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 4687 іс тіркеген.

Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер қылмыс белгілері бар 138 қылмыстың бетін ашқан. Оның ішінде тонау – 3, бұзақылық – 15, автокөлікті заңсыз иелену – 6, ұрлық – 73, өзге де 41 қылмыстың ізі суытпай ашқан.

Ал, бір тәулік ішінде сыртқы бейнекамералар арқылы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тіркелген тәртіп бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушының мекенжайына жолданған.

 

 

Ұқсас жазбалар

ОЗЫҚ ЖӘНЕ НАҒЫЗ ДАМЫҒАН ЕЛ БОЛАМЫЗ ДЕСЕК, ЕҢ АЛДЫМЕН, ҚОҒАМДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Admin

Қазақстанда алғаш рет ауқымды әкімшілік рақымшылық жүргізіледі

Admin

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Бәйдібекте арнайы рейд өтті

Admin