Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмыс сапары барысында Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Мемлекет басшысы бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ АТАНДЫ

Admin

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

Admin

Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Admin