Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Осы жазда қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары қайда демалды?

Жаз аяқталды, күз мезгілі де келді. Көптеген қазақстандықтар алыс-жақын ыстық елдерден өз демалыстарынан оралып та үлгерді және күнделікті жұмыстарына кірісіп кетті. Отандастарымыздың арасында үлкен сұранысқа ие елдердің арасында бірінші орында Түкияның дәстүрлі курорттары, екінші орында Мысыр, үшінші орында Қытай мен БАӘ тұр, — деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративті қордың баспасөз-қызметі.

Өз алдына осы жылы демалу үшін қазақстандық эстрада орындаушылары қай елдерді таңдады екен?

Шоу-бизнестің отандық өкілдері көптеген қазақстандықтар сияқты 2018 жылы отбасылық демалыс үшін алтын құмдары бар түріктердің теңіз жағалауларын таңдауды жөн көріпті. Дегенмен, олардың арасында бүкіл жазғы демалысын үй әрекеттеріне – үй мен пәтер жөндеуіне жұмсағандары да болды, ал кейбір жұлдыздар отандық курорттарды таңдапты.

Мысалы Әлишер Каримов, Ақбота Керімбекова, Бауыржан Рақымбеков, Майра Ілиясова Анталья жағалауын таңдады. Ал Шахизада Түркиядан бөлек Мальдивада да демалып үлгеріпті.

 

Қазақстандық әйгілі тележүргізуші Ляйла Сұлтанқызы шілде айында отбасылық достары – Бүркіт, Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар, Әйгерім Қалаубаевамен бірге – сондай-ақ Түркия жағалауларында демалғаны белгілі болды.

Тәуекел Мүслім, Олжас Әлжанов, Ғазірет Ержанов пен Ерлан Бұхарбаевтың демалыстары да керемет өткен. Ол төрттік Лас Вегасты бағындырыпты, ол жерде Голливуд жұлдыздарымен жеке кездесіп, кино жұлдыздарының атақты адамдары бас қосатын Cinemakon кино көрмесіне де қатысыпты.

Кейін аталған төрттік Лос-Анджелес пен Нью-Йоркты ты бағындырған. Достар және цех бойынша әріптестер сондай-ақ Қырғызстанда және Лондонда Арсенал-Вэст Бромович матчын тамашалау үшін арнайы барған екен.

Керісінше Роза Қуанышқызы осы жазда таңдауды ішкі туризм пайдасына жасапты – өз демалысын емдік шипасы бар көл – Алакөлде өткізуге бел буыпты.

Макпал Жүнісова, Маржан Арапбаева мен Мөлдір Әуелбекова өз жаздарын үй әрекеттеріне және ел ішіндегі гастрольдерге арнағанды жөн санапты.

Кіммен, қайда демалсаңыз да, «Туристік Қамқор» Корпоративті қоры ең бастысы демалуға баратын жердегі қонақ үйдің бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билет бағасының төленгендігін, сондай-ақ, алыс шетелге шыға қалсаңыз, өзіңіздің ТУРКОД-ыңыздың бар екендігін тексеруді ескертеді.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге байланысты) әріпті-цифрлы символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты тұрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист қормен байланысқа шығады, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және 24 сағат бойы шұғыл көмек көрсетуді күтеді.

Барлық қазақстандық турагенттіктер егер ол «Туристік Қамқор» мүшесі болып табылса, жолдаманы сатып алған кезде әр адамға ТУРКОД беруге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда турфирманың қызметі заңсыз және шетелде демалған уақытта Сіздің қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды деп есептелінеді.

ТУРКОД кез келген жағдайда Сіздің отаныңызға жақын арадағы рейспен оралуыңызға кепіл болады.

Қордың бүкіл жұмыс істеген уақыты ішінде 533 мыңнан астам қазақстандықтарға ТУРКОДТАР беріліп үлгерді.

Мониторинг көрсетікендей, Қазақстанда туристік қызметті жүзеге асыру үшін 1500 астам лицензия берілді. Дегенмен, олардың 500 ғана жұмыс істеп отыр. Туристік қызметтер нарығындағы барлық турфирмалар «Туристік Қамқор» Қорының құрамына кірген жоқ. Тек олардың 59 ғана шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің қатысушылары болып табылады. «Туристік Қамқор» қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істеп жатыр. Заңнама аясында бүгінгі таңда www.fondkamkor.kz сайтының «Қатысушылар тізілім» бөлімінде көрсетілген компаниялар жұмыс істеп жатыр. Мониторинг деректері бойынша нарықтың қармауы 80% көбін құрап отыр және тағы 20 туроператорларының енуін күтіп отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Admin

Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанттары инженерлік қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік сабақтан өтті

Admin

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ МАМЫР АЙЫНДА БЕКІТІЛЕДІ

Admin