Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

620 000 теңгелік онлайн-курс күткен нәтижені бермеді: тұтынушыға қаражатын қайтаруға департамент көмектесті

620 000 теңге тұратын онлайн-курс ұсынылған талаптар мен күтілген нәтижеге сәйкес келмегендіктен, тұтынушы өз құқықтарын қорғау үшін Түркістан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.
Мұндай жағдайлар онлайн-оқыту саласында жиі кездеседі: азаматтар қымбат курстарға ақы төлегенімен, уәде етілген нәтиже немесе тиісті қызмет сапасын ала алмай жатады.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді. Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда азамат ақшалай қаражатын қайтаруды немесе дауды өзге тәсілмен шешуді талап етуге құқылы.
Әдетте мәселені шешу үшін алдымен қызмет көрсетушіге ресми талап-арыз жолданады. Егер дау досуданалық тәртіпте шешілмесе, тұтынушы аумақтық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады. Департамент құқықтық көмек көрсетіп, дауды реттеуге ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

QS WUR ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 21 ЖОО КІРДІ

Admin

Арал теңізі – экологиялық жауапкершіліктің айқын сабағы

Admin

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ПЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖОБАСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Admin