Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

16 сағаттық онлайн-марафон: өзекті мәселелер талқыланған алаңға айналды

Кеше республиканың әр қиы­рын­дағы миллиондаған отан­дасы­мыз тікелей эфирде Құ­рыл­тай сайлауына арналған жалпыұлттық онлайн-марафонды тамашалады. Елдегі маңызды саяси үдеріс таңғы сағат 09.00-ден түнгі 00.30-ға дейін live форматта көрсетілді. Он алты сағат бойы дүйім жұрт­қа науқан туралы жедел ақпа­рат баяндалып, сарапшылар­мен қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, тікелей қосылым­дар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарла­малар ұсынылды.

Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың маман­­дары мен сарапшылары, бұқара­лық ақпарат құралдарының өкілдері, блогер­лер, спортшылар, сондай-ақ шығар­машылық және креативті ин­дустрия өкілдері қатысты. Күні бойы қыз-қыз қайнаған Қазмедиа алаңы 38 YouTube-арнада тікелей эфир­де көрсетілді. Оның ішінде 14 респуб­ликалық, 14 аймақтық телеарна мен 10 ақпараттық портал бар.

Онлайн-марафонның мазмұны бір­неше арнайы алаңда ұсынылды. Негізгі сахнада әуелі «Халықтық Конс­титуция» тақырыбы талқыланды. Сарапшылар Конституциядағы адам құқықтарын қорғау, Құрылтайдың құзыреті және Халық кеңесінің рөліне тоқталып, азамат­тар­дың құқықтары мен мемлекетті басқа­ру тетіктерін жаңа деңгейге көтеруге ба­ғыт­тал­ған бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Ұқсас жазбалар

РЕФЕРЕНДУМ: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЛЕНЫ КОМИССИЙ ВСТРЕЧАЮТ ИЗБИРАТЕЛЕЙ В НАЦИОНАЛЬНОЙ ОДЕЖДЕ

Admin

ОБРАЩЕНИЕ в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»

Admin

Шардара сапалы ауыз сумен толық қамтылды: су инфрақұрылымын жаңғырту – өңірдің тұрақты дамуының басты кепілі

Admin