Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ЖАСТАР FEST» ӨТТІ!

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Жастар FEST» мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті. ???? Кеш барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Оразханұлы және мәслихат төрағасы Имангелді Қансейітұлы жастарға ізгі тілектерін білдіріп, белсенді жастарды марапаттады. ???? «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан жастарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, «Конгресс Холл» өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің көркін қыздырды. Кеш қонақтары Сырым Исабаев, Сиви Махмуди, Асан Пердешов өнер көрсетіп, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік кешті Қабыл Батырхан және Бағлан Шәріпбайұлы жүргізді. Барлықтарыңызды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жастық жалындарыңыз артып, арман-мақсаттарыңыз орындалып, әр бастамаңызға сәттілік серік болсын! #ЖастарКүні #ЖастарFest

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Admin

«БІР КҮН – БІР ТАРИХ!»

Admin