Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу және құрылыс көлемін арттыру: Үкіметте Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қарастырылуда

Үкімет отырысында Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

«Бүгінде “Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
Жыл соңына дейін шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп министрлігі отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу арқылы олардың өндірістік қуаттарын арттыру үшін жағдай жасауы қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Олжас Бектенов құрылыс көлемін арттыру қажеттігіне назар аударды.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылыс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, оны арттыра түсу қажет.
Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көлемінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Инженерлік инфрақұрылымды уақтылы жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жазбалар

Petropavlovsk Will Once Again Become the Musical Capital of Summer: QYZYLJAR MUSIC FEST – V, Dedicated to the 100th Anniversary of Outstanding Opera Singer and People’s Artist of the USSR Yermek Serkebayev, Is Set to Begin

Admin

Президент вручил государственные награды работникам служб спасения

Admin

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 130 503 ТУРИСТ КЕЛГЕН

Admin